АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ2026 ЖЫЛҒЫ 2 ҚАРАША САҒАТ 10:00-ДЕ ӨТЕДІ
1.10.2026
«Имсталькон» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай мекенжайында орналасқан) акционерлерге Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35-бабына сәйкес шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылғы 2 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140-үй, 58а тұрғын емес үй-жай, 5-қабат, мәжіліс залы.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 2 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жүргізіледі.
Жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша жасалады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оны жаңа редакцияда бекіту туралы.
2. Қолданыстағы Директорлар кеңесінің құрам өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
3. Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
4. «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мөлшері мен оны төлеу талаптарын айқындау туралы.
Кворумның болмауына байланысты бірінші жиналыс өткізілмеген жағдайда өткізілетін Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылғы 3 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де сол мекенжайда өткізіледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қоғамның орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін танысуға болады.
Анықтама телефондары:
+7 (702) 351-55-98;
+7 (727) 338-77-12.