🇰🇿 Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!

1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болды.

Бұл мереке бізге бірліктің, бейбітшіліктің және жасампаз еңбектің қадірін еске салады.

IMSTALCON ұжымы барша қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтайды!

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық және ертеңгі күнге деген сенім тілейміз. Ортақ еңбегіміз Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне алдағы уақытта да үлес қоса берсін!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
IMSTALCON ұжымы