«Имсталькон» акционерлік қоғамы өз акционерлеріне және инвесторлардың шектелмеген тобына келесіні хабарлайды:

Орналасқан жері Алматы қаласы, Айманов көшесі, 140 үй, тұрғын емес үй-жай 58а «Имсталькон» акционерлік қоғамы өз акционерлеріне және инвесторлардың шектелмеген тобына келесіні хабарлайды:

1. 13.12.2019 жылғы ҚР Ұлттық Банкінің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы. Шығарылым 200 000 000 жай және 1 000 000 артықшылықты акцияларға бөлінген.

2. Қоғамның бір акция үшін 26,32 теңге бағасы (баға кредиторлар жиналысы қабылдаған және Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 08.08.2019 ж. шешімімен бекітілген Оңалту жоспарына сәйкес белгіленген) бойынша 190 000 000 жай акцияларды орналастыруы туралы, акцияларды шығару нысаны-құжатсыз, орналастыру тәсілі-ашық жазылу жолымен, артықшылықты акциялар-орналастырылмайды.

3. Қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы саны мен орналастырылатын акциялардың саны арасындағы арақатынас– 8 059 999/ 190 000 000 = 0,042 құрайды. 0,042 акциялары бар Акционер 1 акцияны басымдықпен сатып алуға құқылы.

4. Акционер Қоғам акцияларды орналастыру (өткізу) туралы хабардар еткен күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес акцияларды сатып алуға өтінім беруге құқылы.

5. Акционерлерден өтінімдер сағат 8-00-ден 12-00-ге дейін және сағат 13-00-ден 17-00-ге дейін, 050057, Алматы қ., Айманов көш., 140, тұрғын емес үй-жай 58 а., мекен-жай бойынша қабылданады, байланыс тұлға Емельянова Наталья Сергеевна, анықтама телефоны 8-727-38-77-17.

6. Өтінімде Қоғам акционері (инвестр) келесі мәліметтерді көрсетуі тиіс:

1) сатып алуға ниет білдірген бағалы қағаздардың саны және түрі;

2) егер қоғамның акционері жеке тұлға болып табылса, акционердің не оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрғылықты жері, қолы;

3) егер қоғамның акционері заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, оның бірінші басшысының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті өзге де тұлғаның қолы;/

4) байланыс үшін байланыс телефондары.

7. Акционер артықшылықты сатып алу құқығы бойынша сатып алынатын жай акцияларды төлеуді оларды сатып алуға өтінім берілген күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

Акциялар үшін төлем жасау үшін Эмитенттің банктік деректемелері: «Альфа-Банк» АҚ ЕБ АҚ

№ KZ969472398000318112 шоты, БИК ALFAKZKA

8. Акционер «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ға акцияларды төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде өзі сатып алған жай акцияларды өзінің дербес шотына есепке алуға арналған бұйрықты ұсынуға міндетті.

9. Акционерлердің өтінімдер беру мерзімі өткеннен кейін, акцияларды толық өткізбеген жағдайда, Қоғам акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта инвесторлардың шектелмеген тобы арасында орналастыратын болады.